«Осылайша, аталған көрсеткіш бойынша біз АҚШ, Ұлыбритания, Франция сияқты мемлекеттерді басып оздық. Алайда саяxат пен туризм саласындағы бәсекелестік жағынан Қазақстан Дүниежүзі экономикалық форумының индексінде 81-ші орында тұр», - дейді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов. Оның айтуынша, бүгінде әлем бойынша туристердің саны өсіп келеді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, шетелге шығатын туристердің саны 1,2 млрд-қа жетті.
Айта кетейік, бүгін туристік саланы дамытуға арналған жиында вице-министр Асқар Баталов Қазақстанға қытайлық туристерді көптеп тарту қажеттігін де жеткізді. Себебі Қытай Халық Республикасы сыртқа шығатын туристердің саны жағынан көш бастап тұр.