Қазақстан туристік қауымдастығы Елбасыға, Үкіметке және туристеріміздің отанына қайтуға көмектескендердің барлығына алғыс білдіреді

АЛМАТЫ. 11 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан туристік қауымдастығының (ҚТҚ) ҚР Үкіметіне «Sky Airlines» әуекомпаниясының банкротқа ұшырауына байланысты Анталиядан ұшып шығу мүкіндігінен айырылған қазақстандық туристерді отанына шұғыл жеткізу мәселесін қарастыру туралы өтінішпен сан рет хабарласуының нәтижесінде, ҚР Президентінің тапсырмасымен ТЖМ ұшақтарын бөлу және 8, 9 және 10 маусымдағы рейстерге байланысты шығындарды өтеу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚТҚ баспасөз қызметінен.

Нәтижесінде, Анталиядағы ҚР Консулдығының көмегімен 8 маусымда Анталиядан Қазақстанға - 124 адам, 9 маусымда - 65 турист, 10 маусымда - 164 адам «Pegasus Airlines» авиакомпаниясымен әкелінді.

Бүгін сағат 11.30-да 101 туристі жеткізген «Pegasus Airlines» авиакомпаниясының ұшағы Астанаға қонды. Сондай-ақ, бүгін «Pegasus Airlines» авиакомпаниясының Анталиядан Алматыға ұшуы жоспарланып отыр, ондағы шамаланған орын саны - 202.

ҚТҚ және елдің туристік нарығы қолдау көрсеткені және жедел шешім қабылдағаны үшін ҚР Президенті Н. Назарбаевқа, Үкіметке және жеке С. Ахметов және Ә. Исекешевке, ҚР ИЖТМ вице-министрі А. Рауға, ҚР ИЖТМ ТИК төрағасы К. Танысбаевқа, ҚР-дың Анталиядағы консулы Б. Абдрахмановқа қиындыққа тап болған қазақстандықтарға қолдау көрсетіп, ықылас білдіргендері үшін алғыс айтады.

ҚТҚ мәселені талқылауға, шешім шығаруға, көмек көрсетуге белсенді қатысқан туристік операторларға, сондай-ақ, өз клиенттерін қиындықта қалдырмаған туристік агенттерге, осындай туристік сала үшін қиын жағдайда бейжай қалмағандардың барлығына алғыс білдіреді.