Қазақстан туристік бағыттар бойынша әлемдік тізімде 52-ші орында тұр

АСТАНА. KAZINFORM — Сейсенбі күні Дүниежүзілік экономикалық форум жариялаған саяхат пен туризмді дамыту есебінде Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 52-орынға ие болды.

Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

Қазақстан денсаулық сақтау және гигиена, баға, туризм мен саяхаттың әлеуметтік-экономикалық әсері санаттары бойынша жоғары баға алды.

Қазақстан Орталық Азиядағы ең жоғары рейтингке ие елге айналды.

Өзбекстан 78-ші орында тұр,

Сондай-ақ елдің 2019-2024 жылдар аралығында жоғары өсім көрсеткені аталып өтті.

АҚШ тізімде бірінші орынға, Испания екінші орынға, Жапония үшінші орынға жайғасқан.

119 ел мен аймақты бағалаған рейтингте Франция төртінші орында, одан кейін Аустралия бесінші орында орналасқан.

Еске сала кетейік, таяуда ғана Kazakh Turism басшысы Қайрат Сәдуақасов Jibek Joly телеарнасының «Уәде» бағдарламасына берген сұхбатында Қазақстанды әлемдік туризм орталықтары рейтингінде үздік елулікке кіргізуге уәде берген болатын.