Туризм саласындағы жаңа бастамалар туралы Бурабай ауданындағы «Discovery Borovoe» қонақ үйінде ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Ақмола облысының бизнес-қоғамдастығымен кездесу барысында айтты. Жиында жазғы туристік маусымға дайындық мәселесі пысықталды.
«Жуырда Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат және туризмді дамыту бойынша жарияланған рейтингінде Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 ел арасынан 52-орынды иеленді. Қазақстан Әзербайжан (56), Өзбекстан (78), Қырғызстан (102) сияқты елдерді басып озып, Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткішке ие болды», — делінген хабарламада.
Аймақтағы тағы бір маңызды бағыттың бірі — ауыл тұрғындарын жұмыспен қамти отыра, агротуризм саласын дамыту.
«Қаржыландырылған жобалардың нәтижесін қарайтын болсақ, дұрыс бағытта келе жатқанымызға көз жеткізуге болады. Бұл шаралар өңірдің одан әрі өсіп-өркендеуіне оң әсер ететініне сенімдін», — деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев
Туризм және спорт министрі Ақмола облысында туризмнің барлық саласы дамып келе жатқанын, оның ішінде өңір емдеу-сауықтыру, рекреациялық және табиғи-ландшафтық туризм орталығына айналғанын атап өтті. Азаматтар мен туристер арасында қауіпсіздікті сақтау да өте маңызды дүние екені айтылды.