"Келіссөздер кезінде "Жаңа синергия" бірлескен экономикалық бағдарламасын, соның аясында Қазақстан-Түркия индустриалды аймақтарын құру мәселелерін, екі елдің арасындағы сауда-саттықты басқа деңгейге көтеру жайын талқыладық. Осы ретте "Жаңа синергияның" өзекті xаттамасы, шамамен, 900 млн доллар болатын 26 инвестициялық жобаны қамтиды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада өткен келіссөздерден кейін.
Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі сауда-экономикалық әлеуетті толыққанды пайдалану үшін тоқыма, азық-түлік, тау-кен, құрылыс, электроника, ауыл шаруашылығы мен туризм салаларында байланысты күшейтуге тапсырма берілді. Бұның барлығын үкіметаралық комиссия пысықтайтын болады.
Айта кетейік, бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоғанды қабылдады . "Түркияның Тәуелсіздігімізбен құттықтағаны әлі есімде", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев .