Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Осылайша, 2021 жылдың қыркүйек айының ортасынан бастап Air Astana және Turkish Airlines әуе компаниялары (Air Astana - 17 қыркүйектен, Turkish Airlines - 25 қыркүйектен) Алматы – Ыстанбұл бағытындағы рейстер санын 2-ден 3 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, 2021 жылғы 22 қыркүйектен бастап SCAT әуе компаниясы Ақтөбе - Ыстанбұл бағытында аптасына 2 рейспен ұша бастайды.
Түркиямен арадағы рейстер санын әрі қарай арттыру эпидемиологиялық жағдайға, Ведомствоаралық комиссияның және Түркияның тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады.
«Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады»,-делінген хабарламада.