«Қазақстанды 17 миллион халқы бар ел ретінде қарастырып қана қоймауларыңызды сұрар едім. Түркиялық бизнес қауымдастығының Қазақстанды 170 миллион нарықтық тұтынушысы бар Кедендік одаққа ену нүктесі ретінде қарастырғанын қалаймын. Бұдан бөлек, біздің қасымызда Орталық Азия мемлекеттері, Қытай нарығы бар, сондықтан да біз жақын көршілестерді есепке ала отырып, шамамен 500 миллион халықты қамтитын Кедендік одақ нарығына жол аша аламыз. Өз кезегінде Қазақстан Түркияны Еуропалық Одақ мемлекеттеріне «қақпа» ретінде қарастырады», - деді Е. Қайыров.
Еске салайық, бизнес-форумның басты міндеттерінің бірі бизнесті жүргізудің түрлі бағыттарында тәжірибе алмасу, сондай-ақ жобаларды жүзеге асыруда ықтимал инвесторлар мен әріптестер тарту болып табылады.