Сотталушылар арасындағы оқу процесін қамту бойынша Павлодар, Ақмола және Қарағанды облыстары көш бастап тұр.
«Сотталушылардың тегін орта білім алуы олардың конституциялық құқығы болып табылады және ол заңға сәйкес, жергілікті уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша жүзеге асып жатыр. 30 жасқа толмаған орта білімі жоқ тұлғалардың барлығы міндетті түрде оқиды және аттестат алады.
30 жастан асқан және І-ІІ топ мүгедектері өз қалауы бойынша оқи алады», - деп атап өтті Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің сотталушылар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасының басшысы Марат Таласбаев.