Қазақстан турнир кестесінде 6 орында - Олимпиада-2012 бірінші күнінің қорытындысы
12:05, 29 Шілде 2012
АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан алғашқы күннің қорытындысы бойынша Олимпиада-2012-нің турнирлік кестесінде 6 орында тұр,
деп хабарлады жазғы ойындардың ресми сайты.
Бірінші күннің қорытындысы бойынша 4 алтын мен 2 қола алған Қытай көш бастап тұр. Екінші орында Италия құрамасы. Олардың қоржынында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола бар. Ал үштікті 1 алтын, 2 күміс және қола медальмен АҚШ құрамасы тұйықтап тұр. Ал алтын, күміс және қола медальді қоржынға салған Бразилия мен Оңтүстік Корея елдері төртінші орында. Сондай-ақ әзірше тек бір ғана алтын медальға қол жеткізген Қазақстан, Австралия және Ресей құрамалары 6-шы орынға жайғасқан.