Баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан нарығына түсетін өнімдер туралы шынайы, объективті ақпараттар тарату проблемасы қозғалмақ. Сонымен қатар ҚТҰЛ мүшелері тұтынушылардың құқығын қорғау барысында өздері ұтқан сот отырыстары жайында да кеңінен баяндамақ.
17:44, 13 Наурыз 2010
Қазақстан тұтынушылары ұлттық лигасы Дүниежүзілік тұтынушылар күніне орай баспасөз мәслихатын өткізеді
АСТАНА. Наурыздың 13-і. қазАқпарат - Наурыздың 15-інде Қазақстан тұтынушылары ұлттық лигасы Дүниежүзілік тұтынушылар күніне орай 2009 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізеді. Бұл ақпаратты аталған лиганың баспасөз қызметі таратып отыр.