Қазақстан тұтынушылары Ұлттық лигасының «тікелей желісі» үлкен сұранысқа ие болып отыр

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «КаР-Тел» ЖШС-і (Beeline операторы) мен «Қазақстан тұтынушылары Ұлттық лигасының» бірлесіп ашқан тегін кеңес желісі тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие болып отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «КаР-Тел» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұтынушылар лигасының есебі бойынша, биылғы жылдың 2-ші желтоқсанына дейін  тұтынушылар құқықтары, тұтынушылар және тауар, қызмет өндірушілер мен сатушылар арасындағы қарым-қатынас мәселелері жөнінде 7684 сауал келіп түскен. Абоненттерді көбінесе коммуналдық қызметтер және пәтер иелері кооперативтері бағыты, тұрмыстық техника, жиһаз және өнеркәсіптік тауарлар сатып алу кезінде туындайтын сұрақтар   ерекше қызықтырған. «Beeline желісінің таралым аймағының кеңдігінің нәтижесінде «тікелей желіге» кеңес алу мақсатында Қазақстанның барлық аймақтарынан телефон шалады. Алдын-ала нәтижелер негізінде бірлескен бастама міндеттері іске асып, тұтынушылық деңгейінің арттыруына өз үлесін қосады», - дейді Қазақстан тұтынушылары Ұлттық лигасының президенті Светлана Савченко. 

Естеріңізге сала кетейік, 2,5 ай бұрын басталған әлеуметтік жоба аясында «Beeline» абоненті  2518 нөмірі бойынша Қазақстанның кез-келген жерінен тегін телефон шалып, тұтынушылар құқықтары, тұтынушылар және тауар, қызмет өндірушілер мен сатушылар қарым-қатынастарына байланысты мәселелер бойынша Тұтынушылар лигасының білікті заңгерлерінің кеңесін ала алады.