ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бокстан 75 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Әбілхан Аманқұл Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
1/16 айналымда Әбілхан таиландтық Апхисит Кананхокхкруеамен кездесіп, 5:0 есебімен басым түсті.
Еске сала кетейік, Әбілхан Аманқұл Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан байрағын көтеріп шыққан болатын. Ол - 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Айта кетейік, осыған дейін шаршы алаңға шыққан бокстан әлем чемпионы Қайрат Ералиев алғашқы айқасын өткізіп, қарсыласына есе жіберген болатын.