Қазақ спортшыларынан бүгін соңғы болып жарыс жолына конькиші Екатерина Айдова шыққан болатын.
Конькимен жүгіруден әйелдер арасында 500 метр қашықтықта сынға түскен ол мұз айдынында қытайлық Тайбэйден келген Хуан Ю-Тинмен жұптасып жүгірді.
Жерлесіміз екеуара жарыста мәре сызығын 38,54 секунд көрсеткішімен бірінші болып кескенімен жалпы есепте жүлдегерлер қатарынан көріне алған жоқ.
Еске сала кетейік, Екатерина Айдова шорт-трекші Абзал Әжғалиев Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан құрамасының ту ұстап шыққан болатын.
Абзал Әжғалиев бүгін шорт-тректен 500 метр қашықтықта финалда сынға түсіп, жалпы есепте Олимпида ойындарын 4-орынмен аяқтаған болатын.
Бұл - қазақтстандық спортшылардың қазірге дейінгі ең жоғарғы көрсеткіші.
Сондай-ақ, шорт-трек шеберлеріміздің жалпы Олимпиада ойындарындағы ең үздік көрсеткіші.