Отандастарымыз Салоники қаласында өткен тартысты кездесуде біздің футболшылар Сербия құрамасынан басым түсті.
Ойынның 9-минутында-ақ шабуылшы Милованович дәл соққымен Сербияны алға шығарды. Қазақстан құрамасы сапынан 25-минутта Төре Исмағұлов таразы басын теңестірді.
Екінші таймның басында Қазақстан құрамасы бірден екі гол соқты. Алдымен 47-минутта Исмаил Бекболат өз құрамасын алға шығарса, 51-минутта дубль авторы атанды.
Еске салсақ, іріктеудің алғашқы матчында біздің жасөспірімдер Португалия құрамасымен 1:1 есебімен тең түсті. Ал бүгінгі жеңістен кейін олар 4 ұпай жинап, өз іріктеу тобында бірінші орынға көтерілді.
Енді отандастарымыз 9 маусымда үшінші ойынын Кипр құрамасына қарсы өткізеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық «Астана» және «Елімай» командаларының футболдан 2026 жылғы UEFA Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластары анықталды.