Қазақстан УЕФА Даму кубогында барлық қарсыласынан жеңілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның футзалдан құрама командасы (17 жасқа дейінгі) УЕФА Даму кубогында сәтті өнер көрсете алмады. Бұл туралы Sports.kz жазуда.

Болгарияның Врнячка-Баня елді мекенінде өткен «Төрт ел» турнирінде Қазақстан барлық қарсыласына есе жіберді - Сербияға 1:8, Румынияға 1:4 және Ресейге 0:15 есебімен. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы соңғы - төртінші орында, ұпай саны - нөл, соғылған және өткізіп алынған доптар саны - 2:27.

Командалардың қорытынды орналасу реті: Ресей - 9, Сербия - 6, Румыния - 3, Қазақстан 0 ұпай.