Соңғы бес маусымда жалпы коэффициенті 15,875-ке жеткен біздің еліміз 28-орынды сақтап қалды. 27-орын Норвегияға тиесілі - 15,925, Қазақстаннан кейін Сербия - 14,375 тұр. Алғашқы үштікте Испания (89,355), Германия (63,427) және Англия (62,248) бар.
08:57, 17 Тамыз 2017
Қазақстан УЕФА елдерінің рейтингінде 28 орында қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чемпиондар лигасының плей-офф матчында елордалық «Астананың» «Селтиктен» ойсырай ұтылуы (0:5) Қазақстанның УЕФА елдерінің рейтингіндегі орнына әсер еткен жоқ, деп хабарлады Sports.kz.