Қазақстан УЕФА-ның клубтық рейтингінде Босниямен теңесті

АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - «Ақтөбе» құрамасының Исландияның «Брейдаблигін» ұтқан жеңісінен кейін жинаған ұпайлары бойынша Қазақстан УЕФА-ның клубтық рейтингінде Босниямен теңесті,

деп хабарлайды Sports.kz

Қазіргі уақытта екі елдің де жалпы коэфициенті - 7.500, еске сала кететіні, босниялықтардың Қазақстанға қарағанда бір командасы артта келеді. Кеше «Широки Бриег» өз алаңында Италияның «Удинезе» құрамасына 1:3 есебімен есе жіберді.

Рейтингтің көш басында Испания, Англия және Германия тұр. Ресей - сегізінші, Украина тоғызыншы орында.