Қазақстан УЕФА рейтингіндегі үздік нәтижесін қайталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана» командасының Стокгольмдегі жеңісінің арқасында Қазақстан УЕФА рейтингінде 3.125 ұпай жинады. Осылайша, өткен маусымда Еуропа Лигасының топтық кезеңіне Қарағандының «Шахтері» шыққан кездегі нәтиже қайталанды, деп хабарлады sports.kz.

Биылғы жылы қазақстандық клубтар Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасында 20 ойын өткізді, оның 11-інде жеңісті қолдан бермей, бесеуі тең ойынмен аяқталып, 4-еуінде ұтылды.