Қазақстан UEFA Ұлттар лигасының жеребесі алдында бірінші себетке түсті

Фото: ҚФФ

АСТАНА. KAZINFORM – Футболдан 2026/27 жылғы маусымдағы UEFA Ұлттар лигасы топтық кезеңінің жеребесі 12 ақпан күні тартылады. 

Бұл турнирде Қазақстан құрамасы С лигасында сынға түседі. Жеребе алдында ұлттық бірінші себетке орналасты. Онда бізден өзге Исландия, Албания, Черногория бар.

Қазақстандық футболшылар 2024/25 жылғы маусымда В лигасында үшінші топта алты кездесудің бесеуінде жеңіліп, біреуінде тең ойнады. Салдарынан өз тобында төртінші орынды місе тұтып, қайтадан С лигасына түсіп қалды. 

Жеребе алдындағы құрамалардың орналасуы төмендегідей:

А лигасы

Бірінші себет: Португалия, Испания, Франция, Германия.

Екінші себет: Италия, Нидерланд, Дания, Хорватия.

Үшінші себет: Сербия, Бельгия, Англия, Норвегия.

Төртінші себет: Уэльс, Чехия, Грекия, Түркия.

В лигасы

Бірінші себет: Шотландия, Венгрия, Польша, Израиль.

Екінші себет: Швейцария, Босния және Герцеговина, Аустрия, Украина.

Үшінші себет: Словения, Грузия, Ирландия, Румыния.

Төртінші себет: Швеция, Солтүстік Македония, Солтүстік Ирландия, Косово.

С лигасы

Бірінші себет: Исландия, Албания, Черногория, Қазақстан.

Екінші себет: Финляндия, Словакия, Болгария, Армения.

Үшінші себет: Беларусь, Фарер аралдары, Кипр, Эстония.

Төртінші себет: Латвия/Гибралтар, Люксембург/Мальта, Молдова, Сан-Марино.

D лигасы

Бірінші себет: Әзербайжан, Литва.

Екінші себет: Латвия/Гибралтар, Люксембург/Мальта, Лихтенштейн, Андорра.

Күнтізбе. Ұлттар лигасы-2026/27

1 тур. 24-26 қыркүйек 2026 жыл.

2 тур. 27-30 қыркүйек 2026 жыл.

3 тур. 30 қыркүйек-3 қазан 2026 жыл.

4 тур. 4-6 қазан 2026 жыл.

5 тур. 12-14 қараша 2026 жыл.

6 тур. 15-17қараша 2026 жыл.

Ширек финал, плей-офф -25-30 наурыз 2027 жыл.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Реал Мадрид» Испания кубогында төменгі лиганың командасынан жеңіліп қалғанын жазған едік.