Қазақстан - Уэльс матчы: Ұлттық құраманың дайындығы қалай

АСТАНА. KAZINFORM – Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев пен шабуылшы Абат Айымбетов әлем чемпионатына іріктеу аясында Уэльске қарсы ойын туралы пікір білдірді.

Фото: sportarena.kz

Командадағы атмосфераға келетін болсақ, әрине, біз жақсы нәтижеден үміт күтеміз. Біз тарихтың жаңа бетін ашқымыз келсе, ол жақсы нәтижемен байланысты болуы керек. Бұны қазіргі команда мүшелері жақсы сезінетін сияқты. Олардың бір-бірімен өзара жақсы қарым-қатынасынан, ойынға дайындығынан бұны мен де сеземін. Ұжым әлем чемпионатына іріктеу барысындағы қуанышты сәттерді ұмыта қойған жоқ, олар сол сәттерді қайтаруға тырысады деген ойдамын, - деді футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев.

Ұлттық құраманың шабуылшысы Абат Айымбетов болса Уэльстің мықты құрама екенін, соған қарамастан қазақстандықтар оларға қарсы лайықты ойын көрсетеді деп сенетінін айтты.

Фото: sports.kz

Әлем чемпионатына іріктеу басталайын деп жатыр. Жақсы бастаймыз деген ойдамыз. Уэльс командасына келсек, ол жақсы ұлттық құрама. Қазір біз олардың ойындарын талқылап жатырмыз. Ұлттар лигасының B тобында бұл команда ешкімнен ұтылмаған. Өте жақсы құрама деп ойлаймын. Біз де жақсын ойын-өрнегін көрсетіп, нәтиже көрсетеміз деген ойдамыз, - деді Абат Айымбетов.

Осыған дейін футболдан әлем біріншілігіне іріктеу басталатыны туралы жаздық.