«Елдік топтар Халықаралық валюта қоры келісімінің баптарына сәйкес маңызды роль атқаратын Атқарушы кеңесті құруда маңызды роль атқарады, қордың істерін жүргізуге жауап береді. Атқарушы кеңес атқарушы директорлардан тұрады және олардың біреуіне әр мүше мемлекет өз мемлекеті үшін шешім қабылдауда дауыс беру құқығын береді»,- делінген ведомство таратқан хабарламада.
Швейцарлық топқа қосылуына байланысты, Қазақстан Халықаралық валюта қорының және Дүниежүзілік банк топтарының атқарушы директорларын тұрақты және аралық сайлау кездерінде Швейцария ұсынған кандидат үшін дауыс беру құқығын өз мойнына алады.
Қазақстанның швейцарлық топқа ауысуы республикаға осынау беделді халықаралық қаржылық ұйымдардың басқару органдары шешім қабылдау кезінде өз өкілеттігін кеңейтуге мүмкіндік береді.