«Сіздердің назарларыңызды мынаған аударғым келеді, біздің келісімге сәйкес консорциумның қазіргі уақытта құбырдағы ахуалды түзетуге кеткен шығыстары қайтарылмайды. Мемлекет құбыр ауыстырумен байланысты шығындарды өтемейді. Бұл сол компаниялардың өздеріне жүк болады. Бұған қоса, біздің уағдаластығымызға сәйкес, құбырларды ауыстыру 2016 жылдың соңында аяқталатындығын атап өткім келеді», -деді Үкімет басшысы.
Оның атап өтуінше, Үкімет Қашағанның іске қосылуын Үкімет Қашағанның іске қосылуын 2016 жылдың соңы мен 2017 жылдың басына жоспарлап отыр. Сол кезден бастап бұл кен орнынан мұнай өндірудің нәтижесінде елдің макроэкономикалық жағдайына және бюджетке кіріс түсе бастайды.
Бұған қоса, К.Мәсімов Қазақстанның ЭЫДҰ-ға кіруіне байланысты табиғатты пайдалану және экологиялық заңнамаларды ретке келтіру қажеттігін атап өтті.