Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ ДБ Аддис-Абебада африкандық дипломаттар үшін семинар өткізді
Шара «Африка елдері мен Қазақстан арасында ОДМ бойынша әріптестік» жобасының аясында өткізілді, онда африкандық мемлекеттердің 45 елінің сыртқы істер министрліктеріне техникалық қолдау көрсету көзделген.
Семинардың негізгі мақсаты «Орнықты даму мақсаттарын» ілгері жылжыту ісінде африкандық дипломатиялық қоғамдастықпен ынтымақтастықты жолға қою және оларды ұлттық заңнамалық актілерге ұштастыру жолымен одан әрі халықаралық міндеттемелерді орындау болмақ.
Семинар жұмысына Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов, ҚР сыртқы істер министрлігінің, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, БҰҰ Даму бағдарламасының, Африкандық одақтың өкілдері, 45 африкандық елдердің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары және көпжақты ыынтымақтастық саласындағы бейінді департаменттерінің директорлары қатысты.
Семинар қорытындысымен оның қатысушылары Қазақстанның Орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыру тұрғысындағы Африка елдері сыртқы саясат ведомстволарыінің өзара іс-қимылына бастамашылық жасаудағы рөлін жоғары бағалады және Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі өрістету, оның «Күн тәртібі 2030» мақсаттарына жету жөніндегі тәжірибесін зерделеу қажеттігі атап өтілді.
Орнықты даму мақсаттары ресми түрде біздің әлемді өзгерту ретінде белгілі: орнықты даму саласындағы 2030 жылға дейінгі күн тәртібі - болашақтағы халықаралық ынымақтастық үшін мақсаттар жиынтығы, ол 2015 жылдың соңында Мыңжылдық даму мақсаттарын алмастырды.