***
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1713
2012 жылғы 28 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту туралы
«Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған міндетті теле-, радиоарналардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 28 желтоқсандағы №1713 қаулысымен бекітілген
Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесі
Р/с № Теле-, радиоарналардың атауы Тарату аумағы
1 2 3
1. «Қазақстан» Қазақстан Республикасы
2. «Мәдениет»
3. «Балапан»
4. «Хабар»
5. «Ел арна»
6. «Kazakh TV»
7. «Білім»
8. «24 KZ»
9. «Астана»
10. «КТК»
11. «НТК»
12. «7 арна»
13. «31 арна»
14. «СТВ»