Қазақстан Үкіметі жұмыс орнындағы қауіпсіздік мәселесін қарастырады

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Үкімет отырысы өтеді. Онда Министрлер кабинетінің мүшелері еңбек қауіпсіздігін және өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын талқылайды. Отырыс қорытындысы бойынша, баспасөз конференциясы өтеді. Онда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев және ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболата Садырбаев қатысады.

Фото: Kazinform

Айта кетейік, бұған дейін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралып, қабылданған еді.

Фото: Pexels

Жұмыс барысында депутаттар келесі түзетулерді енгізген:

— техникалық инспекторлардың құқықтарын және олардың қызметіне ақы төлеу тәртібін нақтылау;

— әлеуметтік әріптестік мүшелерінің бастамасы бойынша өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдерді іске асыру туралы есепті тыңдау;

— қызметкерлердің скринингтік зерттеулерден өту тәртібін анықтауға қатысты өзгерістер.

Сондай-ақ, Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды бірінші оқылымда пысықтағанын жазғанбыз.