Қазақстан Үкіметінің концессиялық жобалар бойынша төлейтін міндеттемелері артады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Үкіметінің концессиялық жобалар бойынша төлейтін міндеттемелерінің жалпы сомасы 510 млрд 967 млн 321 мың теңгеден 528 млрд 266 млн 411 мың теңгеге (+17 млрд теңге – ред.) артады. Үкімет қаулысының жобасында түзету ұсынылған.
«Валюталық өтемақыны ескере отырып, болжамды (қолжетімділік үшін төлемді түзетуді есепке алмағанда концессия шартының талаптарында көзделген) қолжетімділік үшін төленетін төлемнің жалпы базалық сомасы 528 266 411 (бес жүз жиырма сегіз миллиард екі жүз алпыс алты миллион төрт жүз он бір мың) теңге болады. Оның ішінде инвестициялық шығындардың өтемақысы – 184 млрд 986 млн 612 мың теңге. Өтемақы пайдалану шығындары – 28 млрд 451 млн 490 мың теңге, басқарғаны үшін сыйақы – 317 млрд 828 млн 309 мың теңге», - делінген құжатта.
Бұған теңгенің долларға шаққандағы бағамы құбылуы себеп болған. Концессиялық жобалармен байланысты мемлекеттік міндеттемелердің мерзімі 2037 жылға дейін жалғасатынын айту керек. Заң бойынша валюта тәуекелінің өтемақысы теңге мен доллардың айырбас бағамы өзгерген жағдайда нақты формула бойынша түзетіліп отырады.