Қазақстан-Украина кәсіпкерлерінің қауымдастығы құрылды
16:20, 24 Қараша 2011
ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - Бірқатар ірі кәсіпорындардың бастамасымен Қазақстан-Украина кәсіпкерлерінің халықаралық қауымдастығы құрылды,
деп хабарлады еліміздегі Украина Елшілігінің баспасөз қызметінен.
Елшіліктің атап өтуінше, ұйымның басты мақсаты мен міндеті - мемлекеттік билік, сот және басқа ұйымдарда қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен заңды мүддесін қорғау.
«Құрылған қауымдастық - өзара тиімді жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырудың алғашқы нақты қадамы болмақ», - делінген хабарламада.