Қазақстан украиндық компанияларды республиканың мұнайгаз саласындағы инвестициялық жобаларына қатысуға шақырды
деп хабарлайды Украинформ.
Қ.Қабылдиннің пікірінше, украин кәсіпорындары мұнай зауыттарын қайта жаңғыртуға арналған технологиялық құрылғыларды сатып алу үшін өткізілетін тендерларге қатыса алады. ҚазМұнайГаз сондай-ақ украин тарапымен болатын ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың болашағы бар деп санайды.
Мұнай және газ құбырларына арналған украина құбырлары мен құрылғылары бұрынғыдай Қазақстан тарапынан мүдделілік тудырып отыр.
Қ.Қабылдин жылдың соңына дейін Қазақстанда ұзындығы 1,4 мың шақырым болатын, құны 3,5 млрд. долларды құрайтын Батыс-Оңтүстік газ құбырының құрылысы жөніндегі инвестициялық жоспарды қабылдау көзделіп отырғанын атап өтті. Оны төрт жыл ішінде салып бітіру керек.
«Біз украиналық әріптестерімізді жобаға қатысуға шақырып отырмыз», - деп атап өтті Қ.Қабылдин.