«Біз бұдан кейін де одақтастарымызға әлсін-әлі гуманитарлық көмек көрсете отырып, ҰҚШҰ аясында өз міндеттерімізді орындауды жалғастыра беретін боламыз», - деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ елдерінің сыртқы саяси аренада өзара тығыз әрекеттестікте болуын әрі әскери және әскери-техникалық қарым-қатынасты нығайтуын, табиғи, техногендік, төтенше жағдайларға қарсы әрекетте ұжымдаса шара қолдануды, сондай-ақ есірткі бизнесіне, заңсыз көші-қонға, ақпараттық саладағы бұзушылықтарға қарсы күресте бірлескен операциялар өткізуді қолдайтынын мәлімдеді.