Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Сыртқы саяси мекеменің басшысы ҰҚШҰ мүше-мемлекеттер қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Ұйым әлеуетін арттыруға Қазақстанның ұмтылуын растады. Ол, сонымен қатар, 2014 жылы 3 сәуірде Мәскеу қаласында өткен Ұйым мүше-мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысының қорытындыларына қанағат білдірді.
Ағымдағы жылығы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуіне дайындық мәселелері, сонымен қатар Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі жарғылық ұйымдары отырыстары мен сессияларының мәселелері қарастырылды. Ұйым шеңберіндегі ынтымақтастықтың өзге де аспектілері талқыға салынды.