Қазақстан ұлттық әл-ауқат рейтингінде 50-ші орынға шықты

АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстан ұлттық әл-ауқат рейтингінде 50-ші орынға шықты. ТМД елдерінің арасында Қазақстан - көш бастаса, Беларус - 54-ші, Ресей - 63-ші, Украина - 69-шы орында тұр.

Бұл туралы қазанның 26-сында жарияланған әлемнің 110 елінің рейтингін немесе әл-ауқат деңгейін көрсететін дүниежүзілік әл-ауқат туралы баяндамададан мәлім болды.

Бұл баяндаманы Oxford Analytica және Gallup World Poll Service тәуелсіз ақпараттық агенттіктерінің қолдауымен Легатум (Legatum Institute) ғылыми-зерттеу институты жыл сайын жариялайды.

Ұлттық әл-ауқат рейтингі өз кезегінде 89 көрсеткішті қамтитын 8 субиндекстен тұрады. Әр субиндексте халықтың табысына және азаматтардың әл-ауқатына әсер ететін индикаторлар жіктеліп көрсетіледі. Жалпы әл-ауқат рейтингі сол субиндекстер бойынша рейтингтердің орташа есебін шығару жолымен жасалады.

89 индикатордың 39-ы Gallup World Poll сауалнамасынан алынса, қалған көрсеткіштер - статистикалық мәліметтер, негізінен Дүниежүзілік банктің мәліметтері.

Gallup World Poll сауалнамасы жыл сайын өткізіледі және ол ел бақуатты елдерді анықтайды. Бұл сауалнамаға әлемнің 155 елінің үй шаруашылықтары қатысады және олардың әрқайсысы 1000 жеке сауалдарға жауап береді. Респонденттердің жасы 15 -тен жоғары және олар кездейсоқ іріктеледі.

Субиндекстер:

1. Экономика (Рестингтегі Қазақстанның орны - 51-ші) -

Халықтың табыс деңгейіне қандай факторлар әсер етеді: Әл-ауқатты көтеруге қандай экономикалық жағдайлар негіз болады?

Субиндекс индикаторлары:

Инфляция

Жалпы ішкі жинақ қоры

Жұмыссыздық

Жұмысшы мәртебесі*

Баспана және азық-түлік барабарлығы *

Тұрмыс деңгейіне қанататтану*

Жұмыс іздеуді қабылдауы *

Экономикадан нәтиже күту*

Соңғы 5 жылдағы өсудің орташа жылдық қарқыны

Бір жұмысшыға кететін материалдық қаражат

Нарық көлемі

Жоғары технологиялық тауарлардың экспорты

ПИИ көлемі

Күмәнді несиелердің үлесі

Қаржылық жүйеге сенімділік *

2. Білім беру саласы (46-шы рейтинг) - Білім беру жүйесінің қандай аспектілері адами капиталдың дамуы есебінен халық табысының өсуіне көмектеседі және білім беру ортасының қандай элементтері әл-ауқатты көтеруге негіз болады?

Субиндекс индикаторлары:

Бастауыш сынып оқушыларының үлесі

Орта білім беру жүйесі оқушыларының үлесі

Жоғары оқу орындары студенттерінің үлесі

Ұлдар мен қыздардың ара салмағы

Білім беру жүйесіне қанағаттану көрсеткіші *

Қоғамда оқу жүйесінің қабылдануы *

Оқушылар мен мұғалімдердің ара салмағы

Орта білім болуы

Жоғары білімнің болуы

3. Денсаулық сақтау (56) - Халықтың табысын және әл-ауқатын арттыру үшін денсаулық сақтау жүйесінің қандай факторлары керек?

Субиндекс индикаторлары

Нәрестелердің шетінеуі

Өмір жасының ұзақтығы

Науқас жағдайдағы өмірдің ұзақтығы

Аш құрсақ жағдай

Вакцина егу шаралары

Қызылшаға қарсы егу

Денсаулық сақтау шығындары

Керует-орындар саны

Санация

Судың мөлшері *

Тыныс жолының өткір вирустық ауруынан орын алған өлімнің саны

Туберкулезді жұқтыру көрсеткіші

Медициналық қызметке қанағаттану көрсеткіші *

Алаңдаушылық*

Шаршаңқылық*

Денсаулық проблемалары *

Қоршаған ортаның жағдайына қанағаттану көрсеткіші*

4. Қауіпсіздік (47) - Жеке қауіпсіздік пен жалпы ұлт қауіпсіздігі жоғары табыстылыққа және бақуаттылыққа қажетті ортаны қалай қамтамасыз етеді?

Субиндекс индикаторлары:

Босқындар саны

Бұқаралық толқулар

Саяси тәртіпсіздіктер

Кадрлардың кетуі

Азаттық соғыс көріністері

Демографиялық тұрақсыздық

Қылмыстар мен тонаулардың саны *

Жекеменшік мүліктің тоналу көрсеткіші *

Саяси басқаша көзқарастың ықтималдығы *

Түнгі көшелердегі қауіпсіздік*

5. Әлеуметтік капитал (33) - Қандай әлеуметтік желілер, институттар және өзара қарым-қатынастар табыстылықты және бақуаттылықты қамтамасыз етеді?

Субиндекс индикаторлары:

Өзгелерге сенім арту*

Қайырымдылықтар жасау*

Ерікті жұмыстар атқару *

Басқаларға көмек көрсету *

Басқалардың сенімділігі *

Отбасылық жағдай *

Діни сенім*

Осы индикаторлардан көріп отырғанымыздай, ұлттық әл-ауқат рейтингі мен бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі көбіне бірдей статистикалық мәліметтерге негізделіп отыр.