Бұл туралы Республикалық телерадиокешеннің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы мәлім етті.
Аталған ұйымға мүшелік ету Корпорацияға бірқатар айрықша мүмкіндіктер береді. Оның ішінде халықаралық тәжірибе негізінде медиа-активтерді басқаруды жетілдіру міндеттері іске асырылады. Сондай-ақ «Қазақстан» РТРК» АҚ ірі халықаралық телерадиотаратушылармен стратегиялық әріптестік туралы келісімдер жасай алады.