«Қазақстан» Ұлттық арнасы «Жиһангез» бағдарламасымен әлемге саяхат жасайды

None
АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - «Жиһанкез» ақпараттық-танымдық бағдарламасында жүргізуші ел жерді аралап, көзімен көрген қызықты сәттерді көрерменге жеткізеді.

Әр бағдарламада шетелге шығып саяхаттаймын деушілерге мол мағлұмат та бар. Атап айтсақ, қонақ үй бағасы, көлік жалдау, әр елдің асханасы мен діни көзқарасы - бағдарламаға арқау болады. Тарих пен адамдар, салт дәстүр мен  көне ескерткіштер бағдарлама жүргізушісінің басты нысанасы.       

Бағдарлама әр аптаның жексенбісінде сағат 10.00-де көрсетіледі.