Қазақстан ұлттық арнасында - жаңа жобалар! ВИДЕО
Қазіргі қазақ әйелі қандай болуы керек? Заманының нәзік жандары отбасында қандай жар, қандай ана, қоғамда қаншалықты белсенді? Еліміздегі гендерлік саясат, қазақ ханымы, іскер жандардың жетістігі осы жобада қамтылады. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін әйелдердің беделі, отбасындағы күйі, әлеуметтік жағдайы, бала тәрбиесіндегі маңызы, ерлі-зайыптылардың бүгінгі болмысы осында қозғалады. Керекті кеңес, әдеміліктің құпиясы, сән және т б. мәселелер көтеріледі.
Ұлжан» - Қарапайым қазақ отбасындағы хикаяны баяндайтын, шынайы оқиға мен қазақи драманы орайластыра баяндалатын туынды. Бас кейіпкер - тәуелсіздік жылдары мойнына үлкен жүк артқан, кейіннен үлкен жетістіктерге жетіп, нағыз дәулетті кәсіпкерге айналған қазақтың келіншегі. Өмірдің ащысы мен тұщысын қатар алып жүріп, балаларын тәрбиелеген, туған-туыстың арасындағы беделін де ойлаған ананың бейнесі. Бүгінгі қоғамда әйелдің алатын орны мен шынайы өмірден алынған оқиғаларға толы хикая.