Дегенмен, егер елімізде 30 тонна алтын өндірілсе, оны да сатып ала алады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Г.Марченко «Прайм» агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
Григорий Марченко өткен жылы 22 тонна алтын сатып алынғанын айтты. Қазір еліміздің алтын қоры 115 тоннаға жетіпті.
«Біз 2011 жылдың күзінен бастап алтын сатып ала бастадық және алдағы үш жыл бойы оның жалғасатынын айттық. Бұл міндеттер сақталады. Одан кейін алтын сатып алу жалғаса ма жоқ па екені шешіледі», деді ол.
Григорий Марченко өткен жылдың соңында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қаржысына салынған жаңа аффинажды зауыт іске қосылғанына тоқталды. Мұнда алтын өндіріліп, одан кейін Өскемендегі «Қазмырыш» зауытында оған таңба соғылады.
«Біз таңба соғылған таза құйма алтынды аламыз», деп қорытындылады Ұлттық банк төрағасы.