"Қазақстан: ұлттық идея және дәстүрлер" деп аталатын жаңа кітап жарық көрді

АЛМАТЫ. 19 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ұлттық идеяда жаңадан еш нәрсені ойлап табудың қажеті жоқ. Оны "Аспандау" ғылым-білім қорының президенті Қанат Нұров бүгін Алматыда "Айт-PARK" қоғамдық-саяси интеллектуалдық клубында "Қазақстан: ұлттық идея және дәстүрлер" деп аталатын кітабының тұсаукесерінде айтты.

Қанат Ильяұлының бұл зерттеу еңбегі"VOX POPULLI" баспасынан 2 мың данамен жарық көрген. Ол - "Дәстүрлі құрылым: мәселелер мен әдіс", "Қазақстанның дәстүрлі құрылымдары", "Қазақстанның дәстүрлі құрылымдарының ХІХ-ХХ ғасырлардағы трансформациясы мен деформациясы", "Қазақстанның дәстүрлі құрылымдарының ХІХ-ХХ ғасырларда шет елдерде жаңаруы" деген 4 тараудан тұрады.

"Ұлттық идея туралы жұртшылық арасында әртүрлі пікір айтылып жүр. Ол өзі бізге керек пе деп жүргендер де бар. Менің ойымша, ұлтық идея жалпы жүйе ретінде бар және өмір сүріп жатыр. Ұлттық идеясыз қоғамның болуы мүмкін емес. Ол адамдарды шоғырландырады", - дейді Қ.Нұров.