Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары Головкин базасында жаттығатын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары АҚШ-та Головкин базасында жаттығатын болды. Бұл туралы Қазақстандық бокс федерациясы хабарлады.

«2015 жылғы наурыздың аяғында - сәуірдің басында бірқатар қазақстандық боксшылар мұхиттың ар жағына сапар шекпек, онда олар Аргентинада, Венесуэлада және АҚШ-та өтетін WSB сериясының үш ойынына қатысады», - делінген таратылған хабарламада.

Құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановтың хабарлауынша, біздің спортшылардың ішінде құраманың бірінші нөмірлері - Жәнібек Әлімханұлы, Иван Дычко, Ілияс Сүлейменов болады. Боксшылар ұрысқа бейімделіп, WSB жекпе-жегіне дайындық жүргізу үшін Геннадий Головкин ұлттық құрама мүшелерін өз базасында жаттығуға шақырды. Қазір боксшылар лайықты спарринг-әріптес таңдауда.