2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Нидерланды құрамасымен өткізетін ойынға дайындалып жатқан Юрий Красножан шәкірттерінің жаттығуы барлық футбол жанкүйерлері үшін ашық болмақ.
Қазақстан Ұлттық құрамасының жаттығуына қызығушылық білдіргендер шығыс трибунаның жоғары бөлігіне орналасады. Еске сала кетейік, 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчы 10 қазан күні «Астана Арена» спорт кешенінде өтеді. Матч сағат 22:00-де басталады.
Билеттер www.ticketon.kz , www.vesti.kz , www.sports.kz сайттарында сатылады.