«Қазақстан Үміті» республикалық веложарысы басталды
Рәсім Республика алаңында ашылды, бірінші кезеңі - 80 шақырымға топтық жарыс - Шешек асуында өтті.
Шығыс Қазақстан жолдары бойынша республикалық жарыс екінші мәрте өтуде. Алғаш рет ол елдің шығысында екі жыл бұрын басталған. Өңір табиғи ерекшелігіне байланысты «шағын велосипед академиясы» аталады. Бұл жерде велошабандоздарға ерекше сапалы жарыс өткізуге мүмкіндіктер мол.
Осы жолы веложарысқа Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Новосібір қаласынан (РФ) командалар қатысады.
Ашылу рәсіміне ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығының өкілі Сергей Лукашенко қатысты. Жарыстың бас судьясы - халықаралық санат судьясы - Рашид Хакимов.
Жарыс 24 шілдеге дейін созылады. Жарыс күндері командалар Глубоковское ауданының Северный, Солнечный кенттері, Бобровка ауылы, Бозанбай ауылы, Ұлан ауданы Таинты кенттерін еңсереді.
Еске салсақ, жарысты ұйымдастырушылар - ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық орталық, ШҚО әкімдігі, ШҚО білім басқармасы.