«Қазақстан Үндістанмен арадағы байланысты нығайтуға, ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Біз екіжақты ынтымақтастықты стратегиялық серіктестік деңгейіне шығару үшін зор серпіліс жасадық. Келер жылы жоспарланған Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модидiң сапарына біз өте зор мән береміз», - деді Елбасы.
Айта кетейік, бүгін ҚР Президентіне Италияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньян, Швеция Елшісі Кристиан Камилл, Чех елшісі Элишка Жигова, Литва елшісі Витаутас Наудужас, Мысыр елшісі Хайсам Салах Камел Ибрагим, Үндістан Елшісі Харш Кумар Джайн, Македония Елшісі Илья Псалтиров, Қытай Елшісі Чжан Ханьхуэй сенім грамотасын табыс еткен болатын.