Қазақстан-Үндістан сауда айналымының өсуі үшін барлық мүмкіндіктер бар - Болат Сәрсенбаев

Фото: None
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Болат Сәрсенбаевтың мақаласын оқырман назарына ұсынамыз.

***

Үндістан туралыайтқан кезде, қазіргі заманғы Үндістан – халық саны 1,3 млрд. адамнан асатын еңірі мемлекеттердің бірі екенін ескерген жөн. Қалыптасқан көппартиялы жүйе менхалықтың саяси мәдениеті елдің әлемдегі ең ірі демократиялардың бірі ретіндегібеделін растап отыр.

Үндістанның әлемдікэкономикадағы рөлі жоғары және ол әлемдегі ең ірі алты экономиканың қатарынакіреді, оның ЖІӨ-сі 2,69 трлн. долларды құрайды.Талдаушылар 2025 жылға қарайҮндістан Қытай мен АҚШ-тан кейін ЖІӨ көлемі бойынша әлемде үшінші елге айналадыдеп болжап отыр.

Үндістанның Үкіметі елдің экономикалық дамуынынталандыруға бағытталған, оның ішінде мемлекеттік басқару мен ұлттық заңнаманыжетілдіру, іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларкешені мен бағдарламаларды белсенді іске асырып жатыр. Олардың көбі,«Үндістанда жаса», 100 «ақылды қала», «Қолжетімді баспана баршаға», «ЦифрлықҮндістан» сияқты және басқа да бағдарламалар бізде Қазақстанда жүргізіліпжатқан бағдарламалармен үндеседі.

Ел ауқымды қаржы ресурстарының орталығы, сондай-ақинновациялар мен ғылыми-техникалық әзірлемелердің көзі ретінде алдыңғы қатарлыпозицияларда орналасқан, шетелдік тауарлар, оның ішінде мұнай мен уран үшінорасан зор экспорттық нарық болып табылады, бұл ретте озық технологиялардың,бірінші кезекте IT технологиялардың ірі инвесторы мен берушісі мәртебесіне иеболып отыр.

Үндістан Республикасы- Қазақстан Республикасының өңірдегі негізгі саяси, сауда-экономикалық жәнеинвестициялық әріптестерінің бірі.

Халықтарымыздың арасындағы қарым-қатынастар көнедәстүрге ие әрі олардың түп-тамыры тереңде жатыр – олар сақ тайпалары қазіргізаманғы Қазақстан аумағынан Үндістанға аттанып, сол жерде қуатты империянықұрған кезден бастау алады.

Кейбір дереккөздер сақтардың шығу тегін «шакьялардың(сақтардың) ең данасы» дегенді білдіретін «Шакьямуни» (Сакьямуни) титулына иеболған рухани ұстаз әрі буддизмнің негізін қалаушы Будда Гаутаманың атыменбайланыстырады.

Қазақтыңортағасырлық мемлекет қайраткері, ғалым-тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің есімі Үндістан тарихында маңызды орын алады.2018 жылы Делидегі ҚР Елшілігі Үндістан Археологиялық басқармасының белсендіжәрдемдесуімен оның Джамму және Кашмир штатының Сринагар қаласындағықабірін реконструкциялауды аяқтады. Қабірдің бас жағында урду және ағылшынтілдерінде ақпараттық тақтайша орнатылды.

Біз Кашмир университетініңОрта Азияны зерттеу орталығымен бірлесе отырып, «Мұхаммед Хайдар Дулати: Үндістан мен Қазақстан арасындағы Алтын көпір» аттыхалықаралық конференция өткізгенімізді де айта кеткім келіп отыр, ондаҚазақстан мен Үндістан ғалымдары танымал тарихшының өмірі мен қызметі туралыбаяндама жасады. Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттікуниверситетінің басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы тарапынан жоғарықызығушылық пен көрсетілетін жәрдемді жеке атап өткен жөн.

XIII ғасырдың басында Үндістанда құрылған Дели сұлтанатынбіріктіруде Орталық Азиядан шыққан түркі әскери-феодал ақсүйектері маңызды рөлатқарды. 320 жыл билік құрған Дели сұлтанаты Солтүстік Үндістандағы ең ірімемлекет болды. Оның алғашқы негіз қалаушыларының бірі мәмлүк әулетінің өкіліКутб уд-Дин Айбек болды. Дереккөздердің басым бөлігі оның отаны ретінде елімізүшін қасиетті жер – Түркістанды атайды.

Кутб уд-Дин Айбек пен Сұлтан Бейбарыс сияқты мәмлүктердіңбіртуар өкілдері және олардың ұрпақтары өздерінің туған жерінен тыс алысжерлерде қуатты мемлекеттер құрғанын атап өту маңызды.

Бүгін Қазақстан мен Үндістан көпэтносты, көпдінді,көптілді және зайырлы қоғамдар болып табылады.

Тарихта халықтарымыздың өзара іс-қимыл жасау ізінтілдерімізден де байқауға болады. Қазір қазақ және хинди тілдерінде мағынасыбірдей көптеген ортақ сөздер бар. Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модидің
2015 жылы Қазақстанға жасаған сапарының қорытындысы бойынша мемлекетбасшыларының екі тілде де шапшаң адымды білдіретін «Тез қадам» атты Бірлескенмәлімдемеге қол қойғаны есте қаларлық.

Үндістан мен Қазақстан арасындағы саяси байланыстарТұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылғы 22 ақпандағы сапарыбарысында орнатылған болатын. Осы сапар 1991 жылғы 16 желтоқсанда Тәуелсіздікжарияланған кезден бастап Қазақстан Президенті ретіндегі оның алғашқы шетелдік сапарыболғанын атап өту қажет. Барлығы жоғары деңгейде 9 ресми сапар болды: 5-еуі – Қазақстанға,4-еуі – Үндістанға.

2009 жылы тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағыСтратегиялық әріптестік туралы декларацияға қол қойып, осы арқылы елдерімізарасындағы ынтымақтастықты анағұрлым жоғары – стратегиялық деңгейге шығарды.

Бүгін өңірлік және жаһандық ынтымақтастық проблемаларыбойынша Нұр-Сұлтан мен Делидің ұстанымдары ұқсас. Елдер БҰҰ, Шанхайынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) (дәл осыҚазақстанда Үндістан ШЫҰ байқаушысына айналып, кейіннен осы ұйымның толық құқылымүшесі болды), Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес,Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі сияқты және басқа дакөпжақты алаңдарда тығыз өзара іс-қимыл жасап келеді.

Қазақстан мен Үндістан ынтымақтастығының басты жетістігі– бұл қандай да бір саяси проблемалардың болмауы. Бұған қоса, қазіргі таңдаөзара сенімнің жоғары деңгейі қалыптасқанын ерекше атап көрсеткім келеді.

2018 жылы БҰҰ миссиясының (UNIFIL) шеңберінде Үндістан батальонының құрамында Ливанғаорналастырылған біздің алғашқы қазақстандық бітімгершілік контингентіміз соныңжарқын мысалы. Шын мәнінде, бұл оқиғаны Қазақстан-Үндістан
қарым-қатынастарының тарихи кезеңі деп есептеуге болады. Алғаш рет қазақстандықәскери қызметшілер БҰҰ бітімгершілік миссиясының құрамына кірді. Бұл өзквотасының бір бөлігін берген Үндістанның ізгілік еркі арқасында мүмкін болды.

Ашық айтқанда, 2015 жылға дейін Үндістан қоғамымемлекетіміздің экономикалық мүмкіндіктері туралы жеткілікті білмеген еді.Ынтымақтастық мәселесінде басты назар, негізінен, саяси құрамдасқа аударылғанболатын. Н. Модидің 2015 жылы Қазақстанға ресми сапары және жоғары деңгейдегікеліссөздер экономикалық блокты басым позицияларға шығарды. Іс жүзінде,экономикамызға, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуғадеген шынайы қызығушылықты біз өткен жылы ғана сезіне алдық.

Үндістан Премьер-министрінің 2017 жылы ШЫҰ Саммитіне жәнеЭКСПО көрмесінің ашылуына қатысу үшін ҚР-ға жасаған жұмыс сапары барысындақосымша серпін берілді, оның шеңберінде ҚР Президенті
Н. Назарбаевпен екіжақты кездесулер болып өтті. Бүгін экономикалықдипломатияға, сауда және инвестициялық өзара іс-қимылға баса назар аудараотырып, ынтымақтастық қарқынды дамып жатыр.

Қазіргі уақытта Қазақстан Үндістанның Орталық Азиядағынегізгі сауда әріптесі, екі арадағы сауда айналымы Үндістанның өңіріміздегібасқа мемлекеттермен жиынтық тауар айналымынан асып түседі.

Мәселен, елдеріміз арасындағы екіжақты тауар айналымы2018 жылы 1,2 млрд. долларға жетті. Ол тұрақты түрде ұлғайып келеді. Мынадайцифрлар келтіре кетейін. 2017 жылдан бері (945,7 млн. доллар) тауар айналымы
26,5%-ға немесе 254,3 млн. долларға ұлғайды, ал егер 2015 жылмен салыстыратынболсақ, онда бұл көрсеткіш 461,6 млн. доллардан екі еседен артық өскен.

Ағымдағы жылдың үш айы ішінде екіжақты сауда 293,1 млн доллардықұрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 35,9%-ға артық.

Өзара сауданың одан әрі өсуі үшін барлық мүмкіндіктер барекеніне сенімдімін. Ол үшін елдеріміз арасында жүктерді жеткізудің сенімді әріэкономикалық тұрғыдан пайдалы жолдарының болмауы деген басты мәселені шешіп,сауданы ұлғайту жолындағы негізгі кедергіні жою қажет. Сондықтан, ЕлшілікҚазақстан-Түрікменстан-Иран (Бендер-Аббас,Чабахар) теміржол бағыты арқылы және одан әрі теңіз жолымен Үндістанғаапаратын маршрутты тиімдірек пайдалану бойынша барлық күш-жігерді жұмсап отыр.Бұл көлік шығындары мен уақытты едәуір қысқарту есебінен сауда көлемін шамаменекі-үш есе ұлғайтуға мүмкіндік береді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша,Қазақстанда Үндістан капиталының қатысуымен 560-қа жуық заңды тұлға мен филиалтіркелген. Бұл ретте, 200-ден астам үндістандық компания соңғы 2-3 жылдатіркелген екен.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегібелсенді жұмыс Қазақстан-Үндістан Іскерлік кеңесімен бірлесе отырып жүргізіледі.Пенджаб Ұлттық Банкі акционері болып табылатын Алматыдағы Тенгри Банктіңқызметі Үндістан бизнесі үшін Қазақстанда жақсы демеу.

Инвестицияларды тарту жөніндегі міндеттің іске асырылуынақатысты айтатын болсақ, ҚР СІМ басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып,шетелдік инвесторларды тарту бойынша тік-интеграцияланған схеманы құрыпжатқанын атап өтемін, ондағы жұмыс «фронт-офистен», яғни шетелдегіелшіліктерден басталады. Еліміздің басшылығы өткен жылдың аяғында
СІМ-ге және шетелдегі мекемелерге экономикалық дипломатия режимінде жұмыс істеутуралы тапсырма бергенін естеріңізге сала кетейін.

Үндістандағы Елшілігімізде инвестициялар тарту үшінжауапты арнайы қызметкерлер айқындалды, олар сол үшін қажетті, инвест-форумдардыұйымдастырудан бастап шетелдік бизнесмендерді Қазақстанға баруға ынталандыруғадейінгі жұмысты жүргізеді. Оның үстіне, таяуда ғана біз Делиде «Kazakh Invest»ұлттық компаниясы» АҚ өкілдігін салтанатты түрде аштық.

Жүргізіліп жатқан жұмыс қазіргі кездің өзінде жемісінберіп жатыр. Мысалы, Chaudhary Group трансұлттық компаниясы өткен жылдыңсоңында Түркістан облысындағы тез дайындалатын кеспені өндіру жөніндегізауыттың активтерін сатып алды. Қазір олар Қазақстанда ғана емес, сондай-ақИранды, Әзербайжанды және т.б. елдерді қоса алғанда, өңірдегі 10 елдеәріптестер мен дистрибьюторлар іздестіріп жатыр.

«Kazakh Invest»-пен бірлесе отырып, біз Farm2Uкомпаниясымен белсенді ынтымақтастық жасап келеміз, ол Қазақстанда қарқынды бақшаруашылығын дамытуға мүдделі Үндістанның ірі фермерлік компанияларының біріболып табылады. Үндістандық Sonalika компаниясымен қызықты жоба шығуы мүмкін,ол қуаты шағын, оның ішінде фермерлерге арналған тракторлар жинау бойыншакеліссөздер жүргізіп жатыр. Трактор және ауыл шаруашылығы техникасын өндіружөніндегі Үндістанның ең ірі компаниясы Mahindra-мен келіссөздер жүргізіліпжатыр. Refex компаниялар тобы жерде сирек кездесетін металдарды қайта өңдеужәне Дрожиловское кен орнын сатып алу бойынша белсенді келіссөздер жүргізіпжатыр. NTPC ірі энергетикалық компаниясы Қазақстан нарығына шығып, баламалыэнергетика саласында қуаты 100 МВт-тан астам жобаны іске асыруға дайын.

Бұл қазір жұмыс істеп жатқан жобаларымыздың бір бөлігіғана.

Тағы бір практикалық мысал, Елшілік Үндістан бизнес делегациясыөкілдерінің Нұр-Сұлтандағы Астана экономикалық форумына қатысуына жәрдемкөрсетіп, мен делегацияны алып жүрдім. Үндістандық әріптестеріміздің қатысуыҚазақстанда қызығушылық туғызды. ҚР
Премьер-Министрі Асқар Маминмен, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Цифрлықдаму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлерімен, Ұлттық Банктің,АХҚО-ның, «Бәйтерек» ҰБХ мен «Kazakh Invest» компаниясының біріншібасшыларымен, Алматы, Шымкент қалаларының, Түркістан, Ақмола облыстарыныңәкімдерімен және олардың орынбасарларымен, сондай-ақ ҚР басқа да мемлекеттікжәне іскерлік құрылымдарының өкілдерімен болып өткен кездесулердің деңгейі соныңайғағындай.

Әлеуетті инвесторлардың бірқатар нақты жобалар бойыншажалпы сомасы 300 млн. доллардан астам жобаларды қарауы туралы уағдаластыққа қолжеткізілді, екі Меморандумға қол қойылды.

Перспективасы жоғары әрі Елшілік белсенді түрде алғажылжытып жатқан тағы бір бағыт – бұл қаржы, банк секторы және FinTech. Дәл осыжерден ынтымақтастық жасау үшін елеулі жаңа мүмкіндіктерді көріп отырмын.Ағымдағы жылғы сәуірде Дели және Мумбаи қалаларында АХҚО мүмкіндіктерініңтаныстырылымы өткізілді. Қазір біз ағымдағы жылдың шілдесінде Нұр-Сұлтандаөтетін Astana Finance Days іс-шарасына қатысу үшін Үндістанның ірі делегациясындайындап жатырмыз. Қаржы, қайта сақтандыру, бірлескен кәсіпорындарды, мысалы,стартаптар зертханасын құру саласында тығыз ынтымақтастық орнату бойынша АХҚОбасшылығымен нысаналы келіссөздер өтеді деп сенемін.

Қазақстан мен Үндістанның IT саласындағыынтымақтастығының перспективасы зор боп көрінеді. Қазірдің өзінде Астаналық ITхабтың алаңында Tejas компаниясының телекоммуникациялық жабдығының өндірісінашу мәселесі талқылануда. Үндістандық Infosys жетекші IT компаниясыменынтымақтасудың перспективасы орасан зор, оның ішінде осы сала үшін мамандардыдаярлау да бар.

Менің пікірімше, ғарыш саласы мен әскери-техникалықбағытта өзара іс-қимыл жасау да ынтымақтастықтың басымдықтары бола алар еді.

Осы ынтымақтастықты кеңейтуде Қазақстанның ҮндістандағыҚұрметті консулдықтары елеулі қолдау көрсетіп келеді, олар қазіргі таңда өзқызметін Мумбаи (2015), Ченнай (2017) және Гандхинагар (2018) қалаларындажүзеге асырады. Үндістанның басқа да қалаларында қосымша құрметтіконсулдықтарды ашу жоспарланып отыр.

Соңғы жылдары әрі Қазақстанға келетін Үндістаназаматтарының, әрі туризм, емдеу, жеке істер желісі бойынша, іскерлік және оқумақсатында Үндістанға баратын қазақстандықтардың саны артып келеді. Жалпыалғанда, аптасына 11 рейсті құрайтын, «Air Astana» компаниясы жүзеге асыратын Алматымен Дели және Нұр-Сұлтан мен Дели арасындағы тұрақты авиақатынас соңғы кезгедейін осыған ықпал етіп келген болатын. Біздің авиатасымалдаушымыз Үндістан-Пәкістаншекарасындағы жағдай ушықаннан кейін уақытша тоқтатыла тұрған ұшуды бұрынғыкөлемінде қайта бастайды деп үміттенемін. Сонымен қатар, жақын арада бізҮндістанның «Spice Jet» және «IndiGo» лоукостер авиатасымалдаушыларының
Дели-Алматы және Мумбаи-Алматы маршрутаттары бойынша қосымша рейстер ашуынкүтіп отырмыз.

Мемлекеттік органдардың жедел әрі үйлесімді жұмысыныңарқасында, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арқылы транзитпен жол жүретінҮндістан азаматтарына 72 сағаттық визасыз режим мүмкіндігі ашылды. 2018 жылғынаурыздан бастап Үндістан тарапының ҚР азаматтарына электрондық визалар алумүмкіндігін ұсынғанын атап өткен жөн. Өз кезегінде, Қазақстан тарапы 2019 жылғықаңтарда Үндістан азаматтарына осыған ұқсас мүмкіндікті ұсынды.

2018 жылы Елшілік Үндістан азаматтарына 25 мыңнан астамвиза берген, бұл 2014 жылғы көрсеткіштен (6,7 мың) төрт есе көп. Осыған ұқсасжағдай биыл да сақталып отыр.

2019 жылғы қараша-желтоқсанда Президент Қ. Тоқаевтың Үндістанға сапарыжоспарланып отыр, бұл бізге сауда-экономикалық және инвестициялықынтымақтастықты кеңейту есебінен стратегиялық әріптестікті ұзақ мерзімді дамутраекториясына шығаруға мүмкіндік береді.

Қарым-қатынастарымызғалайықты серпін беруге тиіс маңызды екіжақты құжаттарға қол қою көзделген.

Қазақстан-Үндістан байланыстарының даму жай-күйі менперспективалары ынтымақтастықты дамытудың дұрыс бағытын таңдағанымызды көрсетіпотыр. Өзара іс-қимылдың қолда бар мүмкіндіктері орасан зор және оның шегі жоқдесе де болады.

Бүкіл адамзат санының алтыдан бірін құрайтын халқы барелде Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ететін дипломат ретінде мен үшінҮндістан Республикасында елші болу үлкен құрмет. Шынымды айқанда, тарихи тамырытереңде жатқан, бай әрі санқырлы мәдениеті бар Үндістанда жұмыс істеу,еңбекқор, ақкөңіл әрі ақжүрек Үндістан халқымен қатар өмір сүру, елдерімізарасында достық пен ынтымақтастықты дамыту – осының бәрі көңіліме үлкен қанағаттанушылықсезімін ұялатады.