Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
Аталған кеңестерге Қазақстан тарапынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай, ал Үндістаннан осы елдің сыртқы істер вице-министрі С.Сингх мырза жетекшілік етпек. «Кеңестер кезінде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен болашағы, сауда, инвестиция, энергетика, ақпараттық технологиялар салаларында ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолдарын талқылайды», - деп атап көрсетті А.Әбибулаев.