«2016 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда 12,2 млрд текше метр газ шығарған. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 105 пайызды құрайды»,-деді Қ.Бозымбаев.
Министр атап өткендей, республика осы үш ай ішінде 4,4 млрд шаршы метр газ тұтынған.
«Қаңтар-наурыз айларында республика 3,3 млрд текше метр газды экспорттады. Былтыр Қазақстан жыл он екі айда 12,7 млрд текше метр газ экспорттаған»,-деді Қ.Бозымбаев.