Түркі тілдес елдердің ынтымақтастығы жөніндегі кеңес аясында көлікті дамыту жөніндегі жұмыс тобының VII отырысы Ыстамбұлда өткені атап өтіледі. «Отырыстың күн тәртібінде «Шығыс-Батыс» дәлізінің аясында Кеңеске мүше елдер арасындағы мультимодальдық тасымалды жеделдету мәселелері, олардың аумақтарында іске асырылып жатқан басым көлік жобалары, көлік саласындағы тиімді ынтымақтастық перспективалары қаралды», - делінген хабарламада.
08:57, 20 Шілде 2015
Қазақстан үш елмен жүк тасымалы саласында тиімді ынтымақтастыққа қол жеткізбек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркия төрт ел арасындағы құрамдас жүк тасымалы туралы құжаттың бастапқы мәтінін келісті. Бұл туралы Әзербайжан көлік министрлігінің сайтындағы хабарламада айтылды.