Сонымен, Үкімет басшысының Канаданың ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Джерри Ритцпен кездесуі барысында екі елдің агроөнеркәсіптік сектордағы ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды.
«Біз үшін Канадамен барлық бағыттағы, әсіресе ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық өте маңызды. Біз барлық мәселелер бойынша мұқият талқылау жасауға дайынбыз», - деді С.Ахметов.
Серік Ахметовтің Ислам даму банкі президенті Ахмад Мохаммед Али әл-Маданимен кездесуі кезінде Қазақстан мен ислам елдері арасындағы жоғары экономикалық өзара іс-қимыл әлеуеті аталып өтілді.
Тараптар сондай-ақ ынтымақтастықтың одан әрі жалғасуына мүдделі екендіктерін білдірді.