Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінгі күні туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуалды қалыпты ұстап тұруға қол жеткізілді. Мәселен, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде бұл көрсеткіш 15 пайызға, ал осы аурудан болатын өлім-жітім деңгейі 24,3 пайызға төмендеген.
«Туберкулез инфекциясының алдын алу үшін инфекциялық бақылау жүйесін енгізу аса маңызды шара. Мұны халықтың биоқауіпсіздігін қамтамасыз ететін кешенді шара ретінде де қарастыруымыз керек. Сондықтан біз осы мәселені түбегейлі шешу мақсатында облыстармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасындағы туберкулезбен күрестің 2020 жылға дейінгі ведомствоаралық іс-қимыл жоспарларын дайындадық. Бұл құжат жақын арада Үкіметке жолданады», - деді министр С.Қайырбекова.