Қазақстан үшін уақыттың жаңа есебі басталды - Елбасы

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан үшін уақыттың жаңа есебі басталды. Бүгін «Назарбаев Университетінде» дәріс оқыған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, дәрістен кейін студенттердің қойылған сауалдарына берген жауабында осылай деді.

«Саммит күндері біздің Астанамыз Хельсинки, Париж, Лиссабон, Будапешт, Ыстамбұл сияқты қалалармен терезесі тең болды. Астана әлемге танылды. Оған қоса, бүкіл әлем Қазақстанды түрлі қырынан - мәдениеті, білім беру саласы, өңірлердің дамуы тұрғысынан таныды. Қазақстан үшін уақыттың жаңа есебі басталды деуге болады. Біз осындай деңгейге көтерілдік және енді бұдан төмен түспеуіміз керек», - деді Президент өз сөзінде.

Елбасы сондай-ақ қазақстандықтардан Саммиттің сәтті өткізілуімен құттықтаған мыңдаған жеделхат алғанын айтып өтті.