АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Алматыда өтіп жатқан WTT Youth Contender сериясындағы ірі халықаралық турнирінде тағы екі медаль жеңіп алды.
Дулат Ералхан U13 жас санатының финалына дейін жетіп, өзбекстандық Амир Шириевке жол берді. Осылайша отандасымыз күміс жүлдегер атанды.
Сондай-ақ осы жас санатында Олег Яковлев қола медальға ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін Олег Яковлев пен Мария Лукьянова U15 жас санатындағы аралас жұптық сында үшінші орын алған еді.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Түрлі ақпараттық порталда журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.