Қазақстан үстел теннисінен Сауд Арабиясындағы турнирде 9 медаль еншіледі

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Сауд Арабиясының Даммам қаласында үстел теннисінен WTA Youth Contender атты ірі халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 9 медаль еншіледі.

U11, жекелей сын

2-орын - Аделя Алжанова

3-орын - Шохина Миркодирова

U13, жекелей сын

1-орын - Жәния Бекмұхамбетова

U15, жекелей сын

2-орын - Алексей Маркин

U15, аралас жұптық сын

1-орын - Алексей Маркин / Айназ Әділгереева

2-орын - Кирилл Берников / Арайлым Сапабек

3-орын - Дагир Данияров / Жәния Бекмұхамбетова

U19, аралас жұптық сын

1-орын - Абдулла Мамай / Алиса Цвигун

3-орын - Нұрбол Тоқтамыс / Елизавета Лаврова

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық маманның үстел теннисінен 2026 жылы өтетін Азия ойындарында төрелік ететінін жазғанбыз.