Қазақстан ұсынған «Болашақтың энергиясы» тақырыбы бүкіл адамзаттың алға жылжуының неғұрлым маңызды мәселелерінің бірі - Т.Блэр

None
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астананың «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізетін орын болып сайлануына байланысты Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына көптеген құттықтаулар келіп түсті, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Құттықтауларды шетелдік азаматтар, мемлекет және қоғам қайраткерлері жолдады. Атап атқанда Франциядан «Альстром» компаниясының президенті П.Кронның, Eurocopter компаниясының президенті және басқарма төрағасы Л.Бертлингтің, «АРЕВА» кен рудасы тобының аға атқарушы вице-президенті О.Вонстың және «La Meurice» қонақүйінің бас менеджері Ф.Холтманның құттықтауларында Қазақстанның көпжақты халықаралық ынтымақтастықты жақтайтынының куәсі болып табылатын бұл жеңістің маңызы туралы айтылған.

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр өзінің құттықтауында Астанада «ЭКСПО» өткізу - баламалы энегргияның әлемдік жетістіктерін көрсету үшін тамаша мүмкіндік, ал Қазақстан ұсынған «Болашақтың энергиясы» тақырыбы бүкіл адамзаттың ілгерлі жылжуының маңызды мәселелерінің бірі деп атап өтті.

Ел Президентінің атына келіп түскен құттықтаулардың бір бөлігі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» жалпыұлттық газеттерінің беттерінде жарияланды. Келіп түскен барлық құттықтаулар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайына мұрағатта сақтауға берілді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық хаттармен және жеделхаттармен танысып, барлық авторларға құттықтаулары үшін зор алғысын және шынайы ниетін білдірді және барлығына табыс пен игілік тіледі.